Жүргізушілердің назарына!
Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақыттарда Ақмола, Абай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз.
Дөңгелектердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлген жөн. Егер көлікте әлі жазғы шина тұрған болса, көктайғақта басқару қиындап, жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі едәуір артады.
Естеріңізге саламыз, жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, сондай-ақ жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты 1403 байланыс орталығынан біле аласыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
https://t.me/qazavtojol/18093