«Әділет» партиясы Алға аудандық филиалына қарасты «Алға-Жылу» бастауыш партия ұйымында партия мүшелеріне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған
Жолдауының негізгі бағыттары түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
Кездесу барысында еліміздің дамуы, білім беру саласының болашағы, жас ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білім берудің маңызы жөнінде ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақтың бойына білім мен тәрбие дарыту – ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.
Сонымен қатар, партия ұйымы мүшелерімен ашық пікір алмасу жүргізіліп, елдегі өзгерістер мен алдағы міндеттер жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды. Қоғамдық бастамаларды қолдау, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру және халықпен кері байланысты нығайту мәселелеріне де назар аударылды.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда қоғамдық белсенділік, ортақ жауапкершілік пен бірліктің маңыздылығы атап өтілді.