«БЕСТАМАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «Бестамақ» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген ел дамуының стратегиялық басымдықтары, әлеуметтік-экономикалық реформалар, экономиканы жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдық өмірдің өзекті бағыттары кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, партия ұйымы мүшелерімен ашық пікір алмасу жүргізіліп, елдегі өзгерістер мен алдағы міндеттер жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды. Қоғамдық бастамаларды қолдау, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру және халықпен кері байланысты нығайту мәселелеріне де назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда қоғамдық белсенділік, ортақ жауапкершілік пен бірліктің маңыздылығы атап өтілді.