Жаңа дәуір келбеті

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Жолдауда айтылған барлық бағыттар ел тағдыры үшін маңызды. Жолдаумен толық танысып, ой елегінен өткіздім. Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру бағытында «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметі, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат- Адал еңбек –Адал табыс» қағидатына толық сай келеді» деп атап өтті. Сол сияқты түрлі саладағы мамандарға, жұмысшыларға құрмет көрсетілуі керектігі адал еңбекті бағалау еңбек адамының абырой беделін көтеретінін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды» — деп, референдумның нақты мерзімін атады. Референдум биыл 6 қазанда өтетін болды.

Ұстаздар — ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің дамуына жол ашады. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек делінген. Баланы мектепке дайындау мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты екені көрсетілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек мектептердің жұмысын жақсарту қолға алынған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлінуде. Қазір қаржы және қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Жолдауда мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет екені айтылды. Жолдауда көрсетілген бағыттар алдағы уақытта өз шешімін тауып орындалатынына сенім білдіре отырып, толықтай қолдаймын.

 

  М.Сарин,

Алға мектеп-гимназиясының

көркем еңбек пәнінің мұғалімі