АЭС — біз үшін қорқынышты көрінгенімен, дамыған елдердің ерте кезден-ақ қолға алып, алға қарай қарыштап дамуына бірден-бір қозғаушы күш болып отырған станциясы.

Қазақ елі 30 жылдан астам ғана тарихы бар енді дамып келе жатқан жас мемлекет. Десек те, 50 елдің қатарына кіріп, үздік отыздыққа қарай бет алып келе жатқан жайымыз бар.

Дамуымен де, халық санынан да бізден бірнеше есе алда тұрған мемлекеттермен иық тіресе өсуіміз үшін қолға алынып отырған әрбір бастаманың маңызы зор.

Сол себепті, еліміздің алға басқан қадамына тек тілекші болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана көштің төрінен орын аламыз деп ойлаймын. Бірлігіміз баршамызды тек биікке көтерсін!

М.Сапарова,

Аудандық “Жұлдыз-Звезда” газетінің тілшісі