6 қазан – тың өзгерістерге бастар ерекше күн. Көпшіліктің ойын екіге бөліп, теріс, әрі жағымсыз пікір қалыптастыруда арнайы «еңбектеніп те» жүргендер аз емес.

Десек те, ХХІ ғасырда әлем алға қарай қарыштап қадам басып жатқанда, сонау өткен ғасырлардағы ескінің көзін, жүріп өткен жолын айтып, ата-бабамыздың заманын мысал етуді қоятын кез деп білемін.

Иә, өткеннен батырлықты, қайсарлықты, патриоттықты, тәлім-тәрбиені, салт-дәстүрді үлгі етсек дұрыс. Ал, АЭС-сіз де өткендеріміз өлген жоқ дейтіндерді естігенде ортамызда әлі де кешегі мен бүгінгінің айырмашылығы жер мен көктей екенін білмейтін де, білгісі келмейтін де жандардың бар екеніне налимын.

Референдум — бұл таңдау. Сол себепті, ешкімнің ойлауға, шешім қабылдауға деген мүмкіндігін шектеуге құқымыз жоқ екенін білуіміз керек. Ал, жалпы жерлестеріме 6 қазанда референдумға бірге қатысайық дегім келеді. Елімізде орын алып жатқан кез-келген өзгерістен тыс қалмауымыз қажет.

 

Ж.Куттыгулова,
Тамды ауылдық аналар кеңесінің төрайымы