Бүгінде көпшіліктің назарында жүрген АЭС құрылысын салу туралы өз ойымды былай жеткізгім келеді: АЭс құрылысын салу –әлем үшін жаңалық емес. Бұл бағытта ертеректен жұмысты қолға алған шет елдердің біразы осы энергияның пайдасын көріп отырғандығын білеміз. Әрине, зиянсыз ештеңе жоқ. Дегенмен, қазір заман, технология дамыған кезеңде еш қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын. «Қорыққанға қос көрінеді» демекші, әр бастаманың жағымсыз жағын тере берсек, біздің 30 елдің қатарына кіруіміздің өзі күмәнді. Біз осылай кері тартып, бұға берсек, еліміздің экономикасының алға жылжымайтыны хақ. Адам ретінде қоғамға қарай артар жүгіміз бен сұранысымыз көп уақытта жаңа шешімдер қабылдап, алға бастауға қарастырылып жатқан барлық мүмкіндікті қолдай білуіміз де керек шығар.

 

Ж.Байтақова,

Қарабұлақ ауылдық аналар кеңесінің төрайымы