6 қазан – Референдум күні. Айтулы күнде өзекті мәселе шешілмек. Әлем тұтынып отырған электр энергиясының тапшылығының алдын алу мақсатында Ел Президенті осындай маңызды шешімді қабылдады.

Ендігі кезек, сіз бен бізде. Бекітілген күнде ауызбіршілікпен барып, өз таңдауымызды жасайық. Өкінішке орай, көп адамдар «біз бармасақ та, бұл мәселе шешіліп қойған» деген оймен, дауыс беруде көпшілікті кері тартуының салдарынан референдумнан тыс қалады.

Неге берілген мүмкіндіктен біз бас тартуымыз керек? Әрқашан шешімді тек өзіміз қабылдап үйренгеніміз жөн. Қазақстан деген алып мемлекеттің арқа сүйер азаматы болғандықтан, әрбір жасалып жатқан жобаларға өз үлесімізді қосайық!

 

Ж.Аймакова,
Көпбалалы ана