Жаһандық энергия тапшылығының өсуіне сәйкес, біздің де еліміз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж.

Сондықтан, атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деген пікірге толық келісемін.

Қазір әлемде дамыған және дамушы мемлекеттерде 100 асқан атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде, оларда бұл бағытта күрделі мәселе орын алып отырған жоқ.

Атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет деген оймен жерлестерімді 6 қазандағы тарихи науқанға ат салысуға шақырамын.

 

Жұмабекова Арай Қонайқызы, белсенді жас