Батыл да, ірі жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында жалпы әлемдік деңгейде энергия тапшылығын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екендігін атап өтті. Бұл мәселені шешуде халықтың пікірімен санасуды ұйғарды. Аталмыш өзекті мәселені басты назарға ала отырып, 2024 жылдың 6 қазанында елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетінін хабарлады.

Мен әрине елімізде қолға алынып жатқан батыл да, ірі жоба атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдаймын, себебі АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Қазіргі таңда біз электр энергия көздерінің шамамен 50%-ын шет мемлекеттерден алуға мәжбүрміз, сонда бізде тек қалған 50%-ы ғана өндіріледі. Оның өзінде еліміздегі қолданыстағы жылу станцияларының басым бөлігінің тозығы жеткен, ал болашақта электр энергиясының тұтыну деңгейінің күннен күнге өсіп отырғанын ескерсек, АЭС салу жоғарыда аталған мәселелерді толығымен шешуге мүмкіндік беретініне сенуіміз қажет. Бұл мәселе тек біздің елімізде ғана емес, қазір бірнеше жаһандық мемлекетте салынып жатыр. Олардың қатарында Мысыр, Түркия, Украина және көрші Өзбекстан мемлекеті де бар. Аталған елдер де АЭС салу туралы шешімді қабылдады. Сондықтан біздің еліміз уран өндіруден алдыңғы қатарда екенін ескерсек, АЭС салуды қолға алатын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл нақты, әрі оң нәтиже әкелетініне сеніміміз мол.

 

А.Мендалина,

Маржанбұлақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі