Барша қазақстандықтарды елең еткізген референдумның өтуіне де екі күн уақыт қалды. Уақыт жақындаған сайын қобалжу да басым. Еліміздің ертеңі деп қабылданып жатқан шешімге қазақстандықтардың көзқарасы әртүрлі. Дамыған заманда интернеттен қарайтын ақпаратты «өсек сөзбен» таратып жүргендер де аз емес.

Бірақ, бұл қаңқу сөздің етегіне еріп, шешім қабылдайтын кез емес. Әр адам істің байыбына барып, саралай білуі керек сәт. АЭС-тің зиянын теріп, қоғамға зиянын тигізіп жүргендерге жол бермеуіміз керек. Шын мәнінде, мұндай сәтте жау арамыздан шығады. Алауыздық та осындайдан туады.

Бірлігі жарасқан еліміздің берекесін қашыратындардан аулақ болғанымыз жөн. Жарқын болашақ үшін оң шешімдер қабылдай білгеніміз дұрыс.

 

Рысгүл Мынбаева

Аудандық «Мүгедектер қоғамының» төрайымы