«Таза Қазақстан» бағдарламасы: Республика күні қарсаңында мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері ағаш отырғызды
Бүгін, 2024 жылдың 22 қазан айында Ақтөбе қаласындағы «Дина» гипермаркеті ауданында Қазақстан Республикасының күніне орай ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция өтті.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, облыстық және қалалық Қоғамдық Кеңес мүшелерінің бастамасымен өтті.
💬 Облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбай ағаш отырғызу — экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенінатап өтті.
— Бүгінгі акция – болашақ ұрпақ үшін жеміс беретін қаланы абаттандыруға қосқан үлесіміз. Біз барлық ақтөбеліктерді осындай іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз, өйткені экологияға қамқорлық жасау –әрқайсымыздың міндетіміз,
— деді халық қалаулысы.
Акция аясында 100-ге жуық ағаш отырғызылды, олар Ақтөбені безендіріп қана қоймай, осы шағын аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Жаңа екпелерге дұрыс күтім жасау үшін оларды суару ұйымдастырылған.
Қалалық мәслихат депутаты Денис Степанов:
— Облыс жастары «Таза Қазақстан»бағдарламасына белсенді қатысады, бұл әсіресе қуантады. Осындай акциялар өскелең ұрпаққа табиғатты қорғау қажеттілігін түсінуге тәрбиелейді. Біз бірлесіп өз қаламызды таза және жасыл ете аламыз.