Ата-аналар спартакиадасы өтті
Тәуелсіздік күніне орай мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы бұқаралық спортты дамыту мақсатында білім беру мекемелерінің ата — аналары арасында спартакиада өтті. Ата — аналар 6 спорт түрінен, оның ішінде шағын футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан бақ сынады. Спартакиаданың 1-ші күнінде ата-аналар волейболдан бақ сынады. Нәтижесінде, әйелдер арасында:
І ОРЫНДЫ №4 Алға орта мектебі ата аналары
ІІ ОРЫНДЫ №3 Алға қазақ орта мектебі ата аналары
ІІІ ОРЫНДЫ Алға мектеп гимназиясы ата аналары иеленді.
Жалпы командалық есепте Білім беру мекемелері оқушыларының ата-аналары арасында аудандық спартакиаданың 2-ші күні ерлер арасында шағын футболдан турнир өтті. Жалпы командалық есепте
I ОРЫН — №3 Алға қазақ орта мектебі ата аналары
ІІ ОРЫН — №4 Алға орта мектебі ата аналары
ІІІ ОРЫН — Алға мектеп гимназиясы ата аналары жайғасты.
Барлық жүлдегерлерге диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.
«Жұлдыз-ақпарат»