Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясы шын мәнінде елімізге оң өзгерістер әкелді. Көптеген ауылдарымыз абаттандырылып, көгіміз көбейді.
Бүгінгі сұқбатта бұл акция ерекше аталып өтті. Жалпы акцияны қорыта айтсақ, ауданымызда аталған акцияға 15464 тұрғын, 70 мекеме қатысқан екен. Нәтижесінде, 6800 көшет отырғызылып, 473 тонна қоқыс шығарылған.
Бұл тек біздің ауданымыз бойынша ғана. Ал, республика көлемінде атқарылған жұмыстарда шек жоқ десек болады.
Мемлекет басшысы сұқбатында акцияның алдағы уақытта жалғасатынын ұғындырып өтті. Әрине, қуанарлық жайт. Себебі, тазалық бар жерде береке бар, бірлік бар.
А.Коргулин,
Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы