Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі сұқбатта айтылған бірыңғай уақыт белдеуі туралы пікірлері мәселеге ұтымды және жан-жақты қарайтынын көрсетеді.
Қоғамда пікірталас тудырған бұл мәселені шешу үшін ғалымдар, сарапшылар және аймақ өкілдері қатысқан қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру – дұрыс әрі әділетті қадам. Мұндай тәсіл қоғамның әртүрлі топтарының пікірін ескеруге, ал қабылданатын шешімнің барша үшін тиімді болуына мүмкіндік береді.
Президенттің ұсынылған шешімдерді ел экономикасы мен азаматтардың тұрмысына тигізетін әсерін жан-жақты зерттеуге баса назар аударуы да аса маңызды. Бұл жауапкершілікпен қабылданған шешім қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.
Парламент пен Үкіметтің бұл мәселеде ортақ шешімге келуіне сенім білдіруі – оның консенсусқа ұмтылатынын және халық мүддесін қорғауды басты орынға қоятынын аңғартады.
Жалпы, бұл сұхбат мемлекеттік басқарудағы ашықтықтың, ғылыми және қоғамдық негізде шешім қабылдауға деген ұмтылыстың жарқын мысалы болып табылады.
Аблаева Динара,
Сарықобда ауылдық аналар кеңесінің төрағасы