Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын оқып шықтым.

Сұқбатта Тәуелсіздікті сақтау, оны тұғырлы ету жолында тағылымды ойлар айтылған. Сонымен қатар, ел көкейінде жүрген өзекті сауалдарға тұщымды жауаптар берілген.

Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдар бойынша ашық әрі тиянақты үн қатып, елдіктің жолында бірлік керек екенін баса айтқан.

Жалпы, Мемлекет Басшысының ойы халық үнімен ұштасқан сұқбаттан жарқын болашақтың келбеті бейнеленгендей әсер алдым.

Есет батыр ауылының аналар кеңесінің төрайымы, кітапханашы Л.Иманбаева