Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ана тілі газетіне көлемді сұхбат беріп, Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ойын айтты.
Президент уақыт белдеуіне қатысты нақты зерттеу нәтижесі ағымдағы 1 наурыз күні жарияланатынын ескертті.
Естеріңізде болса, өткен жылы 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.
Бірақ, елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы жұрттың қарасы көбейді. Әсіресе, кеш жылдам бататын Шығыс Қазақстан облысы халқының наразылығы артты.
Халықтың пікірін ескере отырып, соған қатысты бұл шешімді қайта қарауды тапсырған Президент халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудағы басты қағиданы үнемі назарда ұстайтынын көрсетті.
Есет батыр ауылдық жергілікті қоғамдастық төрағасы Т.Қыдырбаев