Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұқбатында тілге қатысты қоғамда қалыптасқан қате түсінікке нүкте қойды деп ойлаймын.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін орыс тілін ресми тілден алу керек деген теріс түсінікпен қоғамда жиі наразылық білдіретін жандар көбейді.

Біз қашанда “өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтей алуымыз керек”. Сонда ғана алып мемлекеттердің қатарына енуге қабілетті Қазақстанды құра аламыз.

Тоқмансай ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Құлжаева Асылхан Трессқызы