Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұқбатын отбасымызбен бірге оқыдық.
Әр айтқан сөзіне мән беріп, әр сөйлемді сараладық.
Әсіресе, әділетсіздік дамыған заманда әділдік туралы айтқан сөзі өте орынды және жүрекке жақын болды.
Ауыл тұрғыны ретінде бұл сөздердің маңыздылығын жақсы түсінемін.
Әділдік дегеніміз – бәрін теңестіру емес, әр азаматтың заң алдында тең болуы, өзінің еңбегімен жетістікке жетуіне мүмкіндік берілуі.
Бізге байлығын әділ бөлетін, халықтың игілігіне жұмыс істейтін мемлекет керек. Президенттің заңсыз алынған активтерді қайтару және сол қаржыны мектептер мен инфрақұрылымға жұмсау жөніндегі бастамасы біз сияқты қарапайым халық үшін өте маңызды.
Ауылдарда мектептер мен жолдардың жағдайы әлі де көңіл көншітпейді, ал Президенттің реформалары сол мәселелерді шешуге бағытталғаны қуантты.
Мұндай нақты шешімдер әділдік қағидасының іске асқанын көрсетеді.
Нурлыбаева Бибижан Карымсаковна жергілікті қауымдастық төрағасы