Өткен жылы біздің Қайыңдысай ауылына газ келіп, тұрғындардың қуанышысын еселеген болатын. Шағын ғана тұрғыны бар ауылға берілген бұл мүмкіндікке еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қуанып, ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, соңғы жылдары еліміздің әлеуеті артып келеді. Қай облысты, ауданды қарасақ та жолдар салынып, көше жарықтары толықтырылып жатыр. Одан бөлек жаңа тұрғын үй алаптары қосылып, шағын елді мекендерге газ, ауыз су тарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Еліміздің өркендеуі болашағымыздың жарқын келбеті екені сөзсіз.
З.Каппасова
Ауыл тұрғыны