Жаңа жылды әр отбасы әрқалай қарсы алады. Бұл күні ғажайыпқа сенетін балалар жаңа жылды қуанышпен күтеді. Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да бүлдіршіндерді ерекше күйге бөледі. Жылдағы дәстүрге сай ауылдық округтер де мерекеге ерекше дайындалып, ерекше әсермен атап өтті.

Сарыхобда ауылдық округіне қарасты Болгар мектеп бақшасының даярлық және «Еркетай» тобының тәрбиеленушілеріне «Тайқожа» шаруа қожалығының басшысы Мереке Сағынаев демеушілік жасап, 64 жаңа жылдық сыйлықтар таратты.

Тоқмансай ауылдық округінің такси жүргізушілері мен әкімшілік ұжымы аз қамтылған отбасы, тұрмыс деңгейі төмен, жалғыз басты аналардың балаларын,Сонымен қатар ерекше балаларды мерекемен құттықтап, 40 балаға арнап жаңа жылдық сыйлықтар таратты.

Қарабұлақ ауылдық клубында балақайларға арналған «Төрле, Жаңа жыл»​ атты ертеңгілігі өтті. Қарабұлақ ауылдық округі әкімі Талғат Бердалин құттықтау тілегін айтып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады. Жаңа жылдық мерекелік шара концертпен жалғасты.

Үшқұдық ауылдық округінің әкімі Берік Ағдаулетов жаңа жыл мерекесінде ауылдын аз қамтылған отбасы мен көп балалалы отбасыларына аудан әкімінің атыннан, демеушілер мен дәрігерлік амбулатория ұжымының атынан мерекелік сыйлықтарын табыстады.