2024 жылы Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етті. Атап айтқанда, еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ), Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) төрағалық етіп, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылауға жетекшілік етті.

Бұл бастамалар Қазақстанның көпжақты дипломатиядағы белсенділігін көрсетіп, халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етті. Қазақстан аталған ұйымдар аясында қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық, экология және су ресурстарын басқару, сондай-ақ өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Төрағалық кезеңінде еліміз серіктес мемлекеттермен сындарлы диалог орнатып, өзара тиімді шешімдер қабылдауға жағдай жасады.
Арман Нургалиев,

Алға ауданының мәслихат депутаты