Этносаралық келісім — Қазақстан халқының тұрақтылығының кепілі
Мемлекеттің негізгі жетістіктерінің бірі бұл елдегі тұрақтылық, халықтың бейбіт өмірі, болашаққа қажет игіліктердің сақталуы болып табылады. Қазір Қазақстанда 124 этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Ғылымда, өнерде болсын қаншама жастарымыз елдің намысын қорғап жүр. Бұның өзі кейінгі буынға да үлгі деп есептейміз. Өткен жылдың өзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті.
Халықтың біртұтастығы, бірлігі мәселесі мемлекетіміздің тәуелсіздігін алған уақытта көңіл бөлген мәселелерінің бірі. Қазір әлемнің өзі елдің бұл жетістігін көзбен көріп, мойындап отыр. Қазақстан қоғамының әлеуметтік мәдени болмысын үлгі ететін елдер аз емес. Тарихта ойшыл адамдар айтып кеткендей, адамзаттың әлемдегі орнын айқындайтын нәрсе бұл оның парасаттылығы. Сол сияқты халықтың бірлігін оның парасаттылығының негізгі өнімі деп айтуға болады. Мемлекетте бұған мұрындық болып отыр. Этносаралық келісім бұл қашан да Қазақстан халқының тұрақтылығының кепілі болатынына сеніміміз мол. Бұның құндылығын бағалау әр азаматтың борышы.

Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі.