Дәрігерлердің жүктемесі артып, керек уақытында қабылдауға жазыла алмасам, не істеу керек?
Медициналық қызметті күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. (МӘМС және (немесе) ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындалуын мониторингтеу қағадаларына сәйкес).
Егер емханада осы мерзімде дәрігерге жазылу мүмкін болмаса, қажет болса, пациентті бірлесіп жұмыс істейтін басқа клиникаға жібере алады.
Егер 15 күннен ұзақ күтетің жағдай болса және пациент басқа клиникаға жіберілмесе, ол пациентті қолдау қызметіне жұгіну керек. Онда пациенттердің шағымдарын қарастырып, мәселелерді шешумен айналысады.
Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында фильтр-кабинеттер бар. Онда инфекциялық ауруларға күдік болған жағдайда дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз баруға болады (Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық кқмекті ұйымдастыру стандартының 110-тармағына сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген).