Мен жұмыс істемеймін және медициналықсақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?

Мәртебе алу үшін жарналарды дербес төлеуші ретінде келесі әдістердің бірімен төлеуге болады:

1) Ағымдағы немесе келесі айдан бастап алдағы 12 айға, әрбір ай үшін ЕТЖ-ның 5%мөлшерінде (2025 жылы – 4250 теңгеден);
2) Өткен 12 айға, әрбір ай үшін ЕТЖ-ның 5%мөлшерінде жеке-жеке (2025-2024 ж.ж. – әр ай үшін 4250 теңгеден)

Егер пациент алдағы жылы ресми жұмысқа орналасуды жоспарламаса және жеңілдікті санаттарға кірмесе, онда бірінші әдісті таңдаған жөн. Бұл бір жылға алдын ала сақтандырылуға мүмкіндік береді.

Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-да 2-3 жұмыс күні ішінде қнделетін білу маңызды, содан кейңн төлеушіге мәртебе беріледі.