Соңғы жылдары өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген ұмтылысы – еліміздегі бірлік пен татулықтың нақты көрінісі. Қазақ тілі – тек этникалық қазақтардың ғана емес, барша Қазақстан халқының ортақ құндылығы. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы ұзақ жылдар бойғы жүйелі жұмыстар бүгінде өз нәтижесін беріп жатқаны қуантады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл мәселені Ассамблея отырысында ерекше атап өтуі – тіл мәселесінің мемлекет деңгейінде де өзекті екенін көрсетеді. Расында да, ешкімді бір тілді күштеп үйретуге болмайды, бірақ әр азаматтың қазақ тіліне құрметпен қарап, оны үйренуге ұмтылуы – ортақ болашағымызға жасалған игі қадам.

Тіл – ұлттың жаны. Сондықтан қазақ тілін дамыту мен дәріптеу – әр азаматтың парызы.

Р.Атажан
Аудандық Қазақ тілі қоғамының төрағасы