Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – еліміздің егемендік тарихындағы ерекше мәнге ие оқиға. Бұл мерейтой – әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында халқымызды ұйыстыратын маңызды кезеңге айналады деп сенемін.

Біз ұлтымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан азаматтарға әрдайым құрмет көрсетеміз. Осы отыз жылдағы жетістіктеріміз – елдің ынтымағы мен Ассамблея мүшелерінің еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Жұртымыз үшін ең басты құндылық – елдегі тыныштық пен тұрақтылық. Шынайы татулықсыз ешбір іс алға баспайды. Егер бірлігіміз берік болмаса, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да күмәнді. Сондықтан Ассамблея мүшелері еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Сіздерге осы игі қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігіне сүбелі үлес қоса бересіздер деп сенемін.

Қ.Сапаров,

Аудандық қоғамдық кеңес хатшысы