Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Ассамблеяның 30 жылжа атқарған елеулі еңбегін ерекше бағалап өтті. Әрбір айтқан сөзінен достықтың, татулық пен бірліктің лебі ескендей. Әрбір сөзін мұқият тыңдай отырып, қазақстандық ретінде достығы жарасқан мемлекетте өмір сүретініме қуандым.
Мен еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністікте, ынтымақтастықта өмір сүріп жатқанына қарап, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызын тағы бір мәрте ұғындым. Бұл ұйым — бейбітшіліктің, келісім мен тұрақтылықтың нақты көрінісі. Ассамблеяның арқасында елімізде ұлтаралық татулық сақталып, әрбір азамат өз мәдениеті мен тіліне құрметпен қарай алады.
Сондықтан да Мемлекет басшысы айтқандай, осы бірлік пен достық — біздің ең басты байлығымыз. Алдағы уақытта да осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманат ету — әрбір қазақстандықтың міндеті деп білемін.
Абай Қайратұлы
Жастар ресурстық орталығының маманы, белсенді жас