Қазақстан — көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет. Десек те, түрі бөлек тілегі бір, жүзі бөлек жүрегі бір ұлт өкілдері еліміздің тұтастығын сақтап, достық пен татулықта өмір сүруде. Бұл — халқымыздың парасаттылығы мен өзара сыйластығының, сондай-ақ мемлекеттің ұстанған сындарлы саясатының нәтижесі.
Кешегі өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында да Мемлекет басшысы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент өз сөзінде барлық этнос өкілдеріне елдің дамуына қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, бірлік пен келісімді сақтау – ортақ міндет екенін қадап айтты.
Бұл сессияда айтылған әрбір ой, көтерілген бастама – ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас — әлем елдеріне үлгі боларлықтай деңгейге жеткен. Сондықтан біз осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етуіміз керек.
Арапова Олеся Николаевна — #4 Алға орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі