Еуропалық иммундау іс-шарасы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында«Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» қағидасымен өтеді.
Осыған орай 30 сәуір күні Алға аудандық ауруханасында “Барлығын иммундауға жеткізу біздің қолымызда” деген ұранмен флэшмоб ұйымдастырылды.
Адамдардың денсаулығын, әл-ауқаты мен өмірін қорғау үшін иммундық профилактиканың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты — әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.
Бұл науқан халықтың жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.
Алға аудандық ауруханасы