Өрттің алды – ескерту: шөп жинау ережесін сақтайық!
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы ұйымдары арасында жазғы өрт қаупі кезеңінде дала өрттерінің алдын алу, дала өрттерінен келетін шығынды жою мақсатында келесі ережелерді сақтау қажет:
Жиналған шөптер тұрғын үй ғимаратынан және құрылыс аумағынан 15 метр қашықтықта орналасуы қажет.
Жол берілмеуі тиіс:
— қойма қоралардың және басқа да шаруашылық құрылыстарының төбесінде жиналуға;
— электр тоғы өтіп тұрған желі бойына орналастыруға;
— ішкі қоршалған аумақтан 3 метр кем жерге;
— мал азықтарын жолға жақын жерге және басқа да құрылыс аумақтарына жақын жерге жинауға.
Мал азығы міндетті түрде арнайы ұшқынға қарсы құрылғысымен, алғашқы өрт сөндіру құралымен жабдықталған ауыл шаруашылығы техникасымен жеткізілуі қажет. Сонымен қатар шөпті жинау 4 метрден аспауы керек.
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі