Жедел ішек  инфекцияларының алдын алу

 Жіті ішек ауруы — асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы дерт.

Микробтың адам ағзасына түскеннен бастап аурудың пайда болуына дейінгі уақыт 2 сағаттан бастап 7 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.

Жіті ішек ауруларының алдын-алу мақсатында ұсынамыз:

  • Жеке бас және үй гигиенасын сақтау;
  • Дәретханадан шыққанда, көшеден келгенде және үй жануарларымен байланысқа түскеннен кейін қолды сабынмен жуу;
  • Ішуге, соның ішінде балалардың қоректену қоспаларын дайындауда сапалы ауыз суды пайдалану;
  • Баланы емізу және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;
  • Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 °С температурасында сақтау;
  • Тамақ өнімдерді белгіленбеген жерден, қолдан сатып алмау;
  • Тамақ өнімдерін, соның ішінде ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәландыратын құжаттарды талап ету, сонымен қатар, сыртқы түріне, иісіне, мерзіміне және өнімдерді сақтау жағдайына назар аудару.

 

 

Ә.Исабай,

 Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасының м.а.