МАС КҮЙІНДЕ ТЕМЕКІ ТАРТУ — ӨРТТЕРДІҢ СЕБЕБІ
Маскүнемдік көптеген қауіптердің және сондай-ақ өрттердің туындауына себепші жеткілікті мөлшерде расталған.
Мас күйіндегі адам өзінің іс-қимылына бақылауды жоғалтады, ол жанып жатқан сіріңкені лақтырып тастауға дейін барады, өшірілмеген темекімен үйықтап қалуы да әбден мүмкін.
Өңірімізде күнде шылым шегушілердің кесірінен өрттер болып жатады. Өкінішке орай олардың саны азаймауда, керісінше өсуде.
Ал, егер шылым шегуші мас күйінде болса, онда көбінесе осындай өрттер жанына батарлық күйіктер немесе өліммен аяқталады. Көп жағдайларда мас күйінде шылым шегушілер көп қабатты үйлерде тұрады. Бұл дегеніңіз көптеген адамдарға қауіп туғызады.
Осындай жағдайда өрт туғызушылар өздерінің бейқамдығымен өмірлерін қиып жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес отты пайдаланғанда байқамай жасаған өрттердің салдарынан бөтен адамның мүлігін жою немесе зақымдау үшін қылмыстық жауапкершілігіне тарту көзделген.
Көрсетілген себептер және оларға жауапкершілік әрбір адамға ой салады деген ойдамыз, өйткені немқұрайлылық орны толмас зардаптарға әкеліп соқтырады.
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі