Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған бейбіт келісім тек қарулы қақтығысты тоқтатумен шектелмейді.
Бұл – екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына, экономикалық және мәдени байланыстардың қайта жандануына жол ашатын қадам. Президент Тоқаев бұл құжаттың тарихи маңызын ерекше атап өтті. Қазақстанның келісімге қол жеткізудегі рөлі жоғары. Алматыда өткен министрлер арасындағы келіссөздер тараптарға бейтарап, сенімді және ашық алаң ұсынды. Мұндай дипломатиялық форматтар тек келіссөздер жүргізу үшін ғана емес, өзара сенімді нығайту үшін де маңызды. Аймақ үшін бұл – жаңа дипломатиялық парақ, ал халықаралық қауымдастық үшін – бітімгерліктің нақты нәтижесі. Қазақстан осындай маңызды келісімдерде сенімді делдал бола алатынын тағы бір мәрте көрсетті. Бұл – болашақта да біздің елдің сыртқы саясаттағы басты бағыттарының бірі болып қала бермек.
Жайнагүл Сағатқызы, кәсіби медиатор