Көгалдандыру қолға алынса…

Қаланың көркі – жасыл желек. Бірақ сол жасыл желектерге уақтылы күтім дұрыс жасалып жүр ме деген сауал туындайды. Осы мәселені көтеріп қала тұрғындарынан сұрағанымызда А.Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Айнұр Утенова өз ойын білдірді:

  • Қаламыздың күннен-күнге көркейіп, жаңарып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бірақ көше бойындағы көгалдандыру мәселесі ақсап тұр. Отырғызылған көшеттер уақтылы суарылмай, шөптердің қаулап өсіп кеткенін көзімізбен көрудеміз. Мысалы, айта кетсем, Уәлиханов көшесінің және басқа да орталық көшелер бойындағы шөптер адам бойымен бірдей. «Жасыл ел» жасақ жастарының жұмыс жасап жатқандарын да көзіміз шалады, әрине, олардың жұмысын жоққа шығара алмаймыз. Шөптер дер кезінде жұлынбаса, шаң басып қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Қазіргі кезде көп адамдарда және балаларда аллергия ауруы кездеседі. Әсіресе, осы шөптерге аллергияясы бар адамдардың мазасы кетеді. Осы мәселе, тиісті жерлерге жетсе деген өтінішім бар. Гүлденіп келе жатқан қаламызды одан әрі құлпырту өз қолымызда. Сонымен қатар қала тұрғындарын тұрған жерімізді таза ұстауға, тазалық жұмыстарына, сенбіліктерге үнемі шығып тұруға шақырамын. Әркім өз ауласын таза ұстап, жасыл желекке дұрыс күтім жасау игіліктің бастауы деп білеміз.

Қала тұрғынының өтініші жауапсыз қалмайды деген сенімдеміз. Көгалдандыру өз деңгейінде қолға алынса, қаламыздағы  экологиялық мәселенің шешілуіне, ауа ластануының алдын алуға көмектесері анық.

Марал САНДЫБАЙ