Қауіпсіз ойыншық – бала денсаулығының кепілі
Ойыншықтардың қауіпсіздігі Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (бұдан әрі — КО ТР) талаптарымен реттеледі.
КО ТР талаптарына сәйкес — ойыншық мақсатына сай қолданылған кезде балалардың және оларды бақылайтын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей және тәуекелдің жоқтығын қамтамасыз ететіндей етіп әзірленуі және жасалуы тиіс. Ойыншықтарды пайдалану қаупі балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты болуы керек.
Ойыншық КО ТР талаптарына сай:
- Органолептикалық (иіс пен дәмнің қарқындылығы бойынша), токсикологиялық, микробиологиялық, радиациялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіз;
- Физикалық және механикалық қасиеттері бойынша баланың жарақат алу қаупін болдырмайтын және өзінің тұтынушылық қасиеттерін сақтайтын болуы тиіс;
- Ойыншық қаптамасы жеке немесе топтық, баланың тұншығу қаупін болдырмайтын қауіпсіз болуы керек;
- Ойыншықтардың таңбалануы дұрыс, тексерілетін, анық, оқуға оңай, қолжетімді болуы тиіс. Ойыншықты тексеру және сәйкестендіру үшін таңбалануын дайындаушы (уәкілетті дайындаушы тұлға) және импорттаушы қояды (жасайды).
Ойыншықтың таңбалануында мына ақпарат қамтылуы керек:
- Оның атауы және ойыншық жасалған жер – ел атауы;
- Дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импортердің атауы және орналасқан жері, олармен байланыс үшін ақпарат;
- Дайындаушының (бар болған жағдайда) тауар белгісі;
- Баланың жасын білдіретін ойыншық немесе пиктограммаға арналған баланың ең төменгі жасы;
- Негізгі құрылымдық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін;
- Ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда);
- Шығарылған күні (айы, жылы);
- Қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар орнатылған кезде);
- Сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).
Н.Утегенов,
Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы