Бүгінгі Жолдауда айтылған Президенттің автокөлікпен жүк тасымалдауды жақсарту жөніндегі тапсырмасы – еліміздің экономикалық өсіміне тың серпін береді.
Транзиттік жолдардың дамуы Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын күшейтіп, жүк тасымалдау үдерісін жылдам әрі тиімді етеді.
Жолдарды жаңғырту және тарифтерді оңтайландыру тасымалдаушылардың жағдайын жақсартып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Шекарадағы кедергілердің азаюы – еліміздің халықаралық саудадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бұл өзгерістердің барлығы Жаңа Қазақстанға бағытталған жаңа қадамдардың бірі деп білемін әрі қолдаймын.
Е.Айтимбетов
Жас маман