Бақытты отбасы – бақытты ел

Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының ең өзекті бағыттарының бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында тұр.

Осыған орай, Алға ауданы аумағында 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция өтуде.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Отбасы – шағын мемлекет, ал оның берекесі – елдің болашағы. Сондықтан да әрбір азамат бұл мәселеге бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосуы қажет.

Аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдарды (әкімдік, отбасын қолдау орталығы, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, прокуратура, сот), үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын, полицияның                                         қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, ауданымыздан шыққан танымал тұлғалар мен әртістерді, жастарды белсене атсалысуға шақырамыз!

«Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы – тек ұран емес, әрбірімізге ой салатын, қоғамды ізгілік пен мейірімге шақыратын ортақ үндеу. Отбасында жылылық орнаса, елде тұрақтылық пен бірлік нығаятыны ақиқат.

 Алға ауданы ПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКТ