Ауылдағы тұрмыс сапасы көтеріледі

Президент Жолдауында ауылды дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл – Ақтөбе облысы үшін өте өзекті тақырып. Өйткені облыста ауыл халқы көп, олардың өмір сүру жағдайы облыстың жалпы даму көрсеткішіне тікелей әсер етеді.

Жолдауда айтылғандай, ауылдарға жаңа мектептер, балабақшалар, медициналық пункттер салынады. Бұл ауыл тұрғындарының өмірін айтарлықтай жеңілдетеді. Балалар сапалы білім алады, ауыл тұрғындары медициналық көмекке қол жеткізе алады.

Ауызсу жүйесін жақсарту, ауылдық жерлерге интернет тарту, мәдениет үйлері мен спорт кешендерін салу – ауылдың әлеуметтік келбетін түбегейлі өзгертеді. Жастарға жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдан қалаға көшудің қажеті азаяды.

Осындай игі істер ауыл өмірін жақсартып қана қоймай, ауылды көркейтіп, оның дамуына серпін береді. Әр ауыл жаңарып, халық өз жерінде жайлы өмір сүретін болады.

Ақжайық Жомартұлы,
Жас белсенді