«Мемлекеттік ветеринариялық—санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық—санитариялық қорытынды беру» тәртібі
- Көрсетілетін қызметті берушінің атауы. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор және оның орынбасары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) бекіткен тізім негізінде жүзеге асырады.
- Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www. egov. kz, (бұдан әрі – портал).
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі. 4 (төрт) жұмыс күні ішінде. «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) күн, оның ішінде: мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні; өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру.
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған ветеринариялық-санитариялық қорытындының құнын төлейді. Көрсетілетін қызметті алушы бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда төлейді.
- Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі.
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде), өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс уақытта көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты кестесіне сәйкес белгіленеді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі.
1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға 8-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; «бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге және есептік нөмір беруге өтініш; 2) меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі; 3)ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер.
1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; 2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы; 3) ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден уәжді бас тартады.
ҚР АШМ ВБжҚК Алға аудандық аумақтық инспекциясы