Президенттің ел бірлігі мен болашақ ұрпақ жайлы айтқан сөздері мені бей-жай қалдырмады. Мұғалім ретінде мен күн сайын балалармен жұмыс істеймін, олардың армандарын, сенімін көремін. Сол себепті «өскелең ұрпақ бақытты өмір сүруге тиіс» деген сөз — мен үшін үлкен міндет.
Қазіргі заман күрделі. Цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа технологиялар – бәрі де мектепке келіп жатыр. Біз соған сай болуымыз керек. Президенттің бұл бағытты баса айтуы – орынды әрі уақытылы шешім.
Ең бастысы – ел ішінің тыныштығы мен тұрақты дамуы. Осы жолда әрбір азамат өз ісіне жауаппен қарап, өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Мен өз саламда адал еңбек етіп, болашаққа білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуге үлес қоса беремін.
Жомартқызы Ақжүніс
мұғалім