Ақылы қоғамдық жұмыс – уақытша жұмыспен қамтудың тиімді жолы

          Ақылы қоғамдық жұмыс – жұмыссыз жүрген азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламасының бір түрі. Бұл бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау мақсатында ұйымдастырылады және жұмыссыздарға еңбек дағдысын қалыптастыруға, жұмыс тәжірибесін жинауға, өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектеседі.

Бағдарламаға жұмыссыз ретінде тіркелген, еңбекке қабілетті жастағы кез келген азамат қатыса алады. Бұл – тек табыс табу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұрақты жұмысқа орналасудың алғашқы баспалдағы.

2025 жылға Алға ауданына берілген жоспар 350 адам. Бүгінгі таңда 01.09.2025ж барлығы  326 адам бағытталды (немесе жоспардың 93%-ы). Оның ішінде 95-і бағдарламаны аяқтап 38-і тұрақты және уақытша жұмыстарға орналасты.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті Мансап орталығына (бұрынғы Жұмыспен қамту орталығы) жүгінуіңізге болады. Мекен-жайы: Алға қ,. А.Байтұрсынов көшесі, 20үй, 108 каб.

Байланыс тел:8(71337)4-21-10

 

К.ТАЙМАНОВА,

Алға ауданының Мансап орталығы маманы