Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Айта кетелік Президент АҚШ сапары аясында 20-дан астам кездесу өткізген еді.

Тегтер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
БҰҰ
Ақорда

https://kaz.inform.kz/news/kasim-zhomart-tokaev-lyuksemburg-premer-ministrmen-kelssoz-zhurgzd-8f843c/