Отты дұрыс қолдансаң – ошақ, абайламасаң – апат

 Ұзақ уақыт бойы жүргізілген байқаулардың нәтижесінде пешпен жылытылатын үйлерде орын алатын өрттердің шамамен 50%-ы пеш пен түтін мұржаларын дұрыс орнатылмауы және немқұрайлы қолданылуы салдарынан болатыны анықталды.

  • Пешті қолдану кезінде өрттің алдын алу үшін келесі талаптарды сақтаған жөн:
  1. Жылыту маусымы басталар алдында пештер мен түтін мұржаларын жөндеп, тазалау керек. Жарық жерлерді анықтау үшін әкпен немесе балшықпен ағартып қою ұсынылады;
  2. Түтін мұржаларының тарту күші, бітелмеуі, тығыздығы және жанғыш бөліктерден бөлектенуі міндетті түрде тексерілуі керек;
  3. Пешті салу және жөндеу жұмыстарын тек мамандарға тапсыру қажет;
  4. Әрбір пеш жеке іргетасқа орнатылып, ағаш қабырғалардан саңылау арқылы бөлінуі тиіс;
  5. Оттықтың алдына өлшемі кемінде 50х70 см болатын темір табақ қағылуы қажет;
  6. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға немесе кішкентай балаларға сеніп тапсыруға болмайды;
  7. Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады;
  8. Пешті бір жарым сағаттан артық жағуға болмайды. Тәулігіне 2–3 рет жағу жеткілікті;
  9. Ұйықтар алдында кемінде үш сағат бұрын пешке оттық салуды тоқтату қажет;
  10. Түтін мұржасын жүйелі түрде тазалап, үш айда бір рет арнайы маман (түтін мұржасын тазалаушы) шақырылуы тиіс;
  11. Пештің үстіне ағаш пен киім-кешекті кептіруге болмайды;
  12. Жиһаз бен перделер пештен кемінде 1,5 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
  13. Пешке ұзындығы оттыққа сыймайтын ағаштарды салуға болмайды;
  14. Қыс мезгілінде түтін мұржасының басын айына бір рет тексеріп, қатып қалуын болдырмау қажет;
  • Есте сақтаңыз: Өрт қауіпсіздігі ережелері – адамдардың өмірімен жазылған талаптар. Оларды елемеу түптің-түбінде қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі