Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуда
Алға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына жақындап қалғанын азаматтардың назарына хабарлайды. Салықты 2025 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.
Салық төлеушілер кімдер болып табылады?
Жеке тұлғалар мүлік салығын келесі меншік объектілеріне қатысты төлеуге міндетті:
-тұрғын үйлер мен пәтерлерге;
-саяжай құрылыстарына;
-гараждарға;
— басқа да ғимараттар мен құрылыстарға, үй-жайларға.
1 қазанға дейін салық төленбеген жағдайда, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап борышкерлерге берешектің бар екендігі туралы хабарлама жіберіле бастайды.
Егер берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, хабарлама берілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін қарызды мәжбүрлеп өндіру туралы салық бұйрық шығарылып, салық бұйрығы сот орындаушыларға мәжбүрлеп орындату үшін жолданады, сондай-ақ әр күнге өсімпұл есептеледі.
Төлеу тәсілдері:
- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы;
- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайты;
- Электрондық үкімет порталы egov.kz;
- Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға болады.
Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы