Арнаттың жеңісі

Алға ауданының спорт саласында жеңісті күндер күнтсаүап артуда.  Әрине, бұл кеудені қуаныш кернейтін бақытты сәт. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, ауданымыздың, оның ішінде өңіріміздің, еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген спортшыларымыздың еңбегі орасан зор. Жуырда Тараз қаласында футболдан халықаралық турнир өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия елдерінен келген жас футболшылар достық пен бірлік рухында бақ сынасты.

Бұл турнирге жас талантты футболшы Орынбасаров Арнат Ануарұлы Ақтөбе құрамксымен бірге қатысып, чемпион атанды.  Арнат 2011 жылы 27 қазанда дүниеге келген. Алға қаласының жергілікті тұрғыны.  Арнат спортқа, соның ішінде футболға жастайынан құмар боп өсіп келеді.

Биыл футболда жаттығып жүргеніне 5 жылдай уақыт болған. Аз ғана уақыт өтсе де, бойындағы қабілетін шыңдап, түрлі додаларда өзінің бағын сынап жүр. Жарыстарда жеңістерге жетіп, ауданымыздың мерейін үстем қылып жүрген жас спортшыларымыздың бірі.

Футболдың қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтыруышысы — Мұқатай Бағдат Гайдарұлы.  Бағдат Гайдарұлы 2017 жылдан бастап Алға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс жасап балдарды тәрбиелеп келеді. Оның шәкірттері Қазақстан Чемпионы, Қазақстан чемпионат жүлдегерлері, Халықаралық турнирлер жеңімпазы, Республикалық турнирлер жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда 8 шәкірті Ақтөбе футбол клубында жаттығады. 1 ойыншысы Ақтөбе құрама командасында ойнайды.  Бағдат Гайдарұлы үнемі өзін шыңдап жетілдіру мақсатында тәжірибе жинақтаудан жалықпайды. Мысалы, оған дәлел   футболдан UEFA Д және С категориясын бітіріп сертификатпен марапатталған. Спорт саласында көптеген жетістіктерге жетіп, соңынан қабілетті, футболды бар ынта-ықыласымен жақсы көріп ойнайтын  шәкірттерін де соңына ертіп жүр.

Спорт арқылы адам тек жақсы әдеттерге бет бұрып, өмірінің жарқын жақтарына өзгеруін бірден байқайды.  Сол себепті де спорттың қай түрін алмасаңыз да адамға пайдадан бөтен ештеңғ әкелмесі анық, Бағдат Гайдарұлы да шәкірттерінің келешегінен көп нәрсе күтіп, үміт артуда.  Шәкірттерінің көзінде от, бойында жалындаған жігер барда әрқашан жеңіс уысыңда деп сенім білдіреді.

Арнатты жеңісімен шын жүректен құттықтай отыра, биік белестер мен сәттілік тілейміз! Еліміздің көк байрағын желбірететін күндері көп болғай!

 

Марал Сандыбай