Адал еңбектеріңіз үшін рахмет

Ақпан айының алғашқы онкүндігі өткені сол еді, Алға ауданы ақ ұлпаға оранып шыға келді. Жалпы, қысы қатал аймаққа жатпайтын ауданды екі күн бойы қардың толассыз жаууы мен қатты жел кәдімгідей әбігерге салып қойды.

Ақтүтек бораны соққан күндері қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері қауіпсіз жерге көшіріліп, жылумен қамтамасыз ету және электр желілерін қалпына келтіру, жолды тазарту жұмыстары жасалды.

Осы орайда аудан әкімі Нұрбол ЕРЖАНОВ төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ететін мамандар, кәсіпкерлер және тұрғындарға қол ұшын созған еріктілерге риясыз алғысын жеткізді.

 

Мәншүк САПАРОВА