Апат айтып келмейді
Қыс мезгілінде тоңған адамдардың үсуі және қаза болуы жағдайлары туралы ақпарат келіп түсуде. Көп жағдайда осыған себеп азаматтардың аңғырттығы мен қауіпсіздік ережелеріне үстіртін қарауы болып табылады. Осы тұста Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарын боран кезінде далада қалып қою қаупі туындаған жағдайдағы қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрайды.
Жолға шығып бара жатып, кей кездері адамдар өздерінің күштері мен денсаулық жағдайын асыра бағалап, ауа райының күрт өзгеруіне мән беріп қарамайды.
Қысты күнгі төтенше жағдайларды болдырмау үшін бірінші кезекте, халықтың қатты аяздар мен борандар жағдайындағы іс-әрекеттері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында төтенше жағдайлар бойынша басқармалардың арнайы хабарламаларын, метеорологиялық мәліметтерін және ауа райының өзгерістерін қатаң қадағалап отыру керек.
Алайда қыс уақытында жолға шығатын болсаңыз маусымға сәйкес киінуді ұмытпауыңыз қажет. Сондай-ақ, термоспен тәтті шәй немесе кофені өзіңізбен бірге алу керек. Жақындарыңыз бен үйдегілерді қайда, қандай мақсатпен жол жүріп бара жатқаныңызды міндетті түрде ақпараттандырыпқоюыңыз керек. Қандай көлікпен, қай бағытқа, шыққан уақытыңызбен болжамды жолда жүру уақытын бәрін сипаттап беріңіз. Осы мәліметтерді бара жатырған жеріңізге де хабарлап қойғаныңыз абзал.
Егер боранды күні көлікпен жолда қалып қойсаңыз, көліктің капотын жел бағыты бойынша орналастырып, мықты қымтанып алыңыз, оқтын-оқтын (жанар-жағар май үнемдеу үшін) көлікті оталдырып, салондағы ауаны жылытыңыз. Машинаны қар басып қалу қаупі туындаса бір есікті ашып, қарды күреп тастаңыз.
- Ақпан айының 6-7 қараған түні ауа-райының қолайсыздығына қарамай кешкі уақытта жолға шығып, түнде боранға оралған жолда қалған бір топ азамат (7 әйел, 6 ер адам және 5 кәмелет жасқа толмаған бала) №1Алға мектеп-бақшасының ғимаратында дайындалған арнайы пунктке жеткізілді. Ыстық тамақпен қамтылған жолаушыларға жататын орын да дайындалған болатын. Қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты. Боран басылып, жол ашылғанға дейін жолаушылар бақылауда болады.
- Ақпан айының 6-7 қараған түні сағат 03:00-де Алға аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Ақтөбе қаласындағы «Aqtobe su-energy group» мекемесінің 13 қызметкерінің Алға-Қарабұлақ бағытында жолда қалып қойғандығы туралы ақпарат келіп түсті.
Соған сәйкес, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы бастаған қызметкерлер тягач техникасымен аталған орынға жол тартты.
Бірақ, қатты боранның салдарынан техникамен жүру мүмкіндігінің жоқ болуына байланысты жаяу іздеуге кірісті. 12 сағаттан астам уақытқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары 13 қызметкермен бірге 7 ақпан күні 16:00-де Алға қаласына аман-есен жетті.
«Aqtobe su-energy group» мекемесінің 13 қызметкерін
аудан басшысы Нұрбол Бақытжанұлы бастаған топ күтіп алып, пойызбен Ақтөбе қаласына қайтарды.
P.S: Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді бұлжытпай орындау Сізді және сіздің жақындарыңызды қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан құтқаратыны сөзсіз.
Алға ауданының ТЖБ