Астанада мамандар әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйі мәселелерін талқылады
Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен дөңгелек үстел басында психологтар, дәрігерлер және Қорғаныс министрлігінің өкілдері – әскери қызметшілердің психологиялық күйі жайында айтты.
Талқылауға Владимир Савкин бастаған әлеуметтік психотерапевтер қауымдастығының мамандары, «Авиценна» медициналық ақпараттық жүйесін әзірлеушілер, әскери психологтар және Қорғаныс министрлігінің бейінді департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Қауымдастық президенті Владимир Савкин қазіргі уақытта олар бар проблемаларды анықтауда, әсіресе, әскер ортасының ерекшеліктерін және әскери ұжымдардағы қарым-қатынастарды зерделеп жатқанын мәлімдеді. Сарапшының айтуынша, қауымдастықтың негізгі міндеті – Қарулы күштердің психологиялық қызметтерінің мамандарын диагностиканың, суицидке дейінгі жағдайларды, ойынға тәуелділікті және басқа да зиянды тәуелділікті анықтау әдістеріне үйрететін алдын алу жұмыстарын жүргізу.
– Бүгінгі таңда дағдарыстық жағдайларға әрекет етіп қана қоймай, оны алдын алу да маңызды. Сондықтан әскери психологтарды мазасыздықты, депрессияны және суицидке бейім мінез-құлық белгілерін ерте анықтау құралдарына үйретуге ерекше назар аударылады, – деп атап өтті ол.
Тек 2025 жылғы күзгі шақыру кезінде психологтар жаңа PSY-РИСК әдісін қолдана отырып, әскери қызметке жіберілмеген және қосымша психиатриялық тексеруге жіберілген 700 әскерге шақырылушыны анықтады.
Қызметтің алғашқы алты айы әскерге жаңадан келгендер үшін ең күрделі кезең. Әдеттегі ортаның күрт өзгеруі, қатаң режим, ерлер ұжымында өмір сүру – мұның бәрі бейімделуге уақытты қажет етеді. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, отбасы қолдауының да атқаратын рөлі зор: командирлер ата-аналарымен байланыста болған кезде және қиындықтар туралы уақытында хабарланса, сарбаздар да әскери қызмет жағдайына оңай бейімделеді.
Психиатриялық көмек көрсету тәртібі, бағыттау және психологтар, дәрігерлер мен командирлер арасындағы бірлескен іс-әрекет те отырыс барысында талқыланды. Барлық қатысушы қандай да бір мазасыздық неғұрлым тез байқалса, адамға бірден көмектесуге және ауыр зардаптардың алдын алуға болады десті.
«Авиценна» компаниясы цифрлық шешім – жеке құрамның психологиялық мониторингі жүйесін ұсынды. Оны екі бөлікте сынап көру жоспарланып отыр. Жүйе әскери қызметшілердің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға және уақытында қолайсыздық белгілері байқалғанда дабыл беруге мүмкіндік береді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар психологиялық даярлық бағдарламаларын кеңейтуге, көмекті қолжетімді етуге және әрбір әскери қызметшінің өз жағдайын бақылап отырғанын және көмектесуге дайын екенін сезінуі үшін жұмыс істеуге келісті. Жеке бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылып, бұл жұмыс та тұрақты түрде іске асырылатын болады.