Балаларға екпе не үшін маңызды?
Вакцина профилактикада ең маңызды роль атқарады. Тұрғындар арасында бұл негізгі және қолданбалы алдын алу шаралары болып келеді. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуында ерекше маңызы бар. Қазіргі таңдағы медицина саласы жалпы эпидемия болуын алдын алуда әртүрлі әдістерімен алда келе жатыр. Көптеген денсаулықты нығайту және алдын алу шаралары ішінде алдынғы орында екпе жасау болып келеді.
Адам организміне әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі ХVIII ғасырда медицина ғылымындағы көрнекті жетістіктердің бірі иммунитет қалыптастыру мақсатында миллиондаған адамдар өмірін құтқарды. Қазіргі таңда жаһанда вакцинация инфекциялық аурулармен күрестің ең тиімді және экономикалық адал әдістерінің бірі.
Жедел вакцинацияны мемлекеттік медициналық мекемеде ақы-пұлсыз, медициналық полистің барына қарамастан жұмыс жері жүргізеді. Мысалы айталық, хайуанаттар, айрықша жабайы түлкілер немесе иесіз иттер тістеген кезде құтыруға қарсы вакцина салынады. Ең тиімдісі – дер кезінде салынған вакцина.
Жоспарлы вакцина-арнайы жоспарға сай егу – ұлттық профилактикалық күнтізбе егуі. Ұлттық профилактикалық күнтізбедегі инфекцияға қарсы вакцинация тегін өткізіледі. Әр адам тегін екпе алуға құқылы. Вакцинамен қамтамасыз ету мемлекеттік деңгейде іске асады.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі — бұл ресми құжат, мерзім мен егуді ұластыру тізбегін тағайындайды. Түрлі ел күнтізбелерінің бөлектенуі инфекциялық аурулардың ерекшеліктерімен және нақты территория мен қаржыландыру көлеміне байланысты.
Балаларға егу. Өмірдің бірінші тәуліктерінде балаға туберкулез және В гепатитіне қарсы вакцина егеді. Бұл нәресте денсаулығы үшін қажет. Егудің көбін нәресте бірінші жылында алады. Бұл баланың шектеулі байланыстан қажетті иммунитеті балабақшаға барған кезде көп көлемді инфекциядан қорғану үшін керек. 1 жаста нәресте туберкулез, В гепатиті, коклюш, дифтерия, сіріспе, пневмакокк, қызылша, қызамық және паротиттен егу алуы тиіс. Әр айтылған ауру балалық шағында ауыр түрде өтеді. Кейбір ата-ана егуге алаңғасар қарап немесе бас тартып өз баласын аурушаңдыққа итермелейді. Дәрігер ұсынған тізім мен егу уақытын сақтау қажет. Бүгінгі таңда көкжөтел мен дифтерия ауруына шалдығулар дамыған елдерде бірен-саран тіркеледі. Бұл вакцинацияның тиімділігінің талассыз айғағы болып табылады. Ата-аналар балаларының вакцинациясына жауапкершілікпен қарау керек.
Вакцинацияға жіберер алдында дәрігер қандай инфекцияға қарсы егу жүргізілетіні және қандай препарат салынатыны жайлы айтып түсіндіруі керек. Дәрігер вакцина қоюдың алдында температураны өлшеуге міндетті. Балаларға вакцинация жасардың алдында, ата-анасы толығымен ақпараттанған болуы және өз қалаулары бойынша информациялық келісім жазулары тиіс.
Құрметті ата-аналар!
Вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардан жер бетінде жүз мыңдаған балалар өмірмен қоштасуда. Біз аталмыш аурулардан балаларымызды қорғаудың ең сенімді жолы — уақытылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз қажет. Алдын ала егу көмегімен көптеген инфекциялық аурулардың кездесуі мен өлім салдарын азайту мүмкіндігі туады.
Қазақстандағы вакцинацияның ұлттық күнтізбесі
Балаңызды барынша қорғау үшін вакцинацияны уақытында орындау қажет!
Халықтың эпидемиялық саулығы мен инфекцияларды алдын алу үшін Ұлттық егу күнтізбесі құрылды. Барлық міндетті екпелер тіркелген жері бойынша тегін жасалады. Балаларға, ересектерге және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау қажет.
БЦЖ — туберкулезге қарсы вакцина;
ВГВ — В гепатитіне қарсы вакцина;
АбКДС — көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакцина;
Хиб — гемофильді таяқшаға қарсы вакцина;
ИПВ — полиомиелитке қарсы вакцина;
ОПВ — оральді (ішке қабылданатын) полиомиелитке қарсы вакцина;
Пневмо — пневмококқа қарсы вакцина;
ҚҚП — қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация;
ДСА-М — дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина;
ВГА — А гепатитіне қарсы вакцина. Вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады*
Вакцинация кезінде:
- Дәрігер вакцинацияның алдында тексеру жүргізеді;
- Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ескерту керек: вакцинаны алдыңғы енгізуге жағымсыз реакциялардың, созылмалы аурулардың, аллергияның, инфекциялық аурудың жіті фазасының болуы;
- Сіз дәрігерге вакцинация туралы кез-келген сұрақтар қоюға құқығыңыз бар;
- Ата-аналар вакцинацияға ақпараттандырылған келісім жасайды;
- Вакцинацияны мейірбике емдеу бөлмесінде жүргізеді. Ата-ана вакцинаның сақталу жағдайын тексеруге, қаптамасын тексеруге, нұсқаулықты өзімен бірге алуға құқылы;
- Егу паспортында: вакцинацияның күні мен орны, вакцинацияны жүргізген медицина қызметкерінің деректері, вакцинаның сериялық нөмірі мен саудалық атауы жазылуы тиіс.
Вакцинациядан кейін:
- Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада қалу керек;
- Ықтимал жанама әсерлер туралы біліңіз. Мысалы, КПК вакцинасынан кейін 7-10 күн ішінде бөртпе «вакцина аллергиясы» емес, бірақ вакцинаның қалыпты жанама әсері, ол сізді алаңдатпауы керек;
- Температура 38.5°C-тан жоғары болған кезде қызуды басатын дәріні қолданған жөн;
- Алғашқы бірнеше күндегі әлсіздік — бұл вакцинациядан кейінгі жиі кездесетін жанама құбылыс. Бұл уақытта жүктемені шектеп, көп демалған дұрыс;
- ИКҚК пайда болған кезде — вакцинаның әдеттегі жанама әсерлері болып табылмайтын иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер — вакцинация жүргізілген емханаға хабарласып, жағдайыңызды тіркеңіз.
Ж.Қасенова,
Алға аудандых ауруханасы Бесқоспа ауылдық
амбулаториясының жалпы тәжірибе дәрігері